Алматы тұрғынынан 600 мың жалған доллар табылды

Алматы тұрғыны жалпы сомасы $ 293 200 доллар болатын жалған доллар купюраларын өткізді және одан да көп жалған валюта сақтады деп күдікке ілінді.

Қаржылық мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматыда жалпы сомасы 800 мың АҚШ доллары болатын жалған валюта өткізу арнасының жолы кесілді.

Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол 293 200 АҚШ доллары сомасындағы жалған валютаны бірнеше рет өткізген, сондай-ақ 600 000 АҚШ долларын сату мақсатында сақтаған деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Добавить комментарий