Алматы тұрғыны тау өзенінің бір бөлігін иемденіп алды

Алматы тұрғыны Наурызбай ауданындағы 8 сотық жер телімін аз көріп, оны 25-ке дейін кеңейтті. Ол заңды бұза отырып, тек жерді ғана емес, өзен арнасын да өз бетінше иемденіп алған.

Сонымен қатар, Алматы тұрғыны шағын аудан тұрғындарына су беруді реттейтін және көктемде су тасқынынан қорғайтын шлюзді сатып жіберген.

Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Сергей Пономарев хабарлады.

Өзен арнасы Іле-Алатау ұлттық паркі аумағының жанында «Таужолы» шағын ауданы арқылы өтеді. Бұл жер құрылыс үшін қауіпті болып саналады. Бірақ бұл ер адамды тоқтатпады. Ол өз учаскесін 8-ден 25 гектарға дейін кеңейтті. Өзен арнасы енді оның ауласында өтеді. Алматы тұрғыны шлюз механизмін темірге өткізіп жіберген.

«Ал онда су құбырлары — төрт бау-бақша қауымдастығының ауызсуы. Онда Жаңатұрмыс ауылында адамдар тұрады. Ол кеңес заманынан бері су тасқыны болғанда су ағуын реттейді — қақпалары ашылып, артық суды ағызып жібереді. Қазір қыркүйек, ал наурызда, сәуірде не болады?», — деді қалалық мәслихат депутаты Сергей Пономарев.

Аумақты заңсыз иемденгені туралы хабарланғаннан кейін комиссия сол жерге барды.

«Таужолы ықшамауданы аумағында тұрғын үй салынып жатқаны, иесі рұқсатсыз өзен арнасын бұрғаны туралы сигнал түсіп, содан кейін уәкілетті мемлекеттік орган өкілдері бар комиссия оқиға орнына барып, сараптама жүргізді. Геодезистер иесіне жер телімдерінің шекарасын көрсетті. ГАСК өкілдері жер инспекциясы, экология департаменті болды. Осыдан кейін барлық материал шара қолдану үшін уәкілетті мемлекеттік органға жолданды» , — деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев.

Енді үй иесінің жер телімі құжаттары қайта қаралып, заңбұзушыға ірі көлемде айыппұл салынады.

Добавить комментарий