«Алматы судың» жеткізушілерге қарызы 30 млн теңгеден асады

Құқық қорғау органдары мен құқық қорғау ұйымдары «Алматы су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында пайда болған ірі қарыздың шығу себептерін тексереді.

Бостандық ауданының прокуратурасы «Алматы Су» МКК-ның мемлекеттік сатып алу шарты аясында орындалған міндеттемелері үшін жеткізушілерге 20 күнтізбелік күннен артық ақша төлемеу фактісін анықтады.

Жағдайға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша құрылған мобильді топ араласты, оған прокуратура қызметкерлері мен «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Заң бойынша тапсырыс беруші шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдағаннан кейін ақы төлеу мерзімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бойынша 27 жеткізушіге 36 млн. теңге сомасына төлем жүргізілді, — деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Медеу ауданында бұған дейін қылмыстық қудалау органының мөрімен бекітілген қоғамдық тамақтану үй-жайларын ашу және жұмыс істеу мәселесі шешілді. Прокуратура қылмыстық іс бойынша нұсқау бергеннен кейін кәсіпкер өзінің мейрамханасын ашып, штаттық режимде жұмыс істей бастады.

Бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, аталған топ тәулік бойы жұмыс істейді. Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласудың барлық фактілері бойынша бірыңғай нөмір бойынша +7701 775 55 00 немесе Telegram-арнаға https://t.me/zashitabiznesaalmaty сілтемесі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады прокуратура.

Добавить комментарий