Алматы: ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерін қаладан шығару басталды

Алматыда контртеррористтік операция жүргізуге қатысқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгершілік күштерін шығару бойынша іс-шаралары басталды.

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетоватындағы Құрлық әскерлері әскери институтының саптық алаңында өткен бітімгершілік контингентін шығарып салуға ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Талжан қатысып жатыр.

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері тобының қолбасшысы генерал-полковник Анатолий Сердюков барлық жеке құрамға батыл әрекеттері мен әскери борышын мінсіз орындағаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сондай-ақ, қолбасшы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығына көпұлтты бітімгершілік контингенттің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектескені үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы — Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларына елдегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін Біріккен бітімгершілік контингентін енгіз туралы өтініш жасағанын атап өтті.

«Сіздер стратегиялық және басқа да маңызды нысандарды қорғауды қамтамасыз етті. Сіздің келуіңіздің арқасында қазақстандық әскери қызметшілер, ішкі істер қызметкерлері лаңкестерді іздеу және ұстау бойынша өздерінің тікелей міндеттеріне кірісе алды», — деді Таласов.

Қазақстан Қорғаныс министрінің атынан Ұжымдық бітімгершілік күштері контингентінің әскери қызметшілеріне алғыс білдірілді. Бірқатар бітімгерлер ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медальдарымен және грамоталармен марапатталды.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері мемлекеттік, әскери нысандар мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындады.

Тату көршілік және әскери ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру бойынша бауырластық көмек ретінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Қазақстан аумағына 2 030 адамнан тұратын әскери контингенттерін және 250 техника бірлігін жіберді.

Ұйым бойынша одақтастар террористік шабуыл кезінде Қазақстанға қолдау және уақтылы көмек көрсетті. Бітімгершілердің аса маңызды объектілерді қорғауға алуы Қарулы Күштердің, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға және оларды террористерге қарсы күреске жіберуге мүмкіндік берді. Бұл жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тиімділігі айқын байқалды.

ҰҚШҰ біріккен бітімгершілік контингентін елімізден кезең-кезеңмен шығару Қазақстан Президенті белгілеген мерзімге сәйкес осы жылдың 13 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын болады.

Контингенттің жалпы саны — 2030 сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада — Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

Добавить комментарий