Алматы: садақа жәшігі ұрланды

Алматыдағы асхана басқарушысы полицияға садақа жәшігінің ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.

Қылмыс бейнебақылау камерасына жазылған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйелдің асханаға кіргені белгілі болды.

Әкімшімен сөйлескенде ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған.

Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, ол қолма-қол ақша ұрлады», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Қайырымдылық қорабы қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі екені анықталды.

Айтпақшы, Ш.есімді азаматша бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын

Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде.

Добавить комментарий