Алматы полициясы метро вагонына жабысып жүрген блогерді іздеуде

Интернет желісінде блогер өзінің батылдығын көрсетіп, метро вагонына жабысып, осылайша тұтас бір бекет жүріп өткен видео тарады.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, видео авторы «Алмалы» станциясынан «Абай» станциясына дейін барған.

» Оқиға болған кезде кезекші жолаушы өзінің тікелей міндеттерін орындай отырып, кетіп бара жатқандарды шығарып салып, қарсы платформада болған. Осыны пайдаланған блогер пойызға жабысқан. Сонымен бірге бұл қауіпті әрекетін бейнебақылау камерасына түсіріп алған.

«Метрополитен» КМК тарапынан видеоның авторына қатысты шара қолдануды сұрап, полицияға арыз жолданды, өйткені ол өз әрекеттерімен метродағы мінез-құлық ережелерін бұзып, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, сондай-ақ пойыздардың қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болуы мүмкін еді», — делінген хабарламада.

Блогерді полиция іздеп жатыр.

Қазіргі уақытта метрополитендегі Полиция басқармасының жеке құрамы осы құқық бұзушыны ұстауға бағытталған, оның әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Ол жасалған құқық бұзушылық үшін міндетті түрде жауапқа тартылады, — деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий