Алматы облысында ЖКО салдарынан оқушы қыз мерт болды

Алматы облысында болған жол апатынан мектеп оқушысы қаза тапты.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagram парақшасында жарияланды.

Жазба авторының айтуынша, ЖКО жол нашар көрінетін жерде болған.

Қыз пауэрлифтингпен айналысып, жаттығудан кейін үйіне келе жатқан. Ертесінде ол 16 жасқа толар еді, — делінген хабарламада.

Облыстық полицияның хабарлауынша, ЖКО 9 қараша күні кешке «Ортатөбе-Үштөбе» автожолында болғанын растады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 жастағы Toyota Mark II жүргізушісі Ортатөбе кенті маңында солтүстік бағытта келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 15 жастағы қыз жол шетінде келе жатқан. Оқушы қыз оқиға орнында қайтыс болды, — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

Фото: Қазақстанда оқушы туған күніне бір күн қалғанда жол апатынан көз жұмды

Добавить комментарий