Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген 12 казино анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген 12 онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды.

Алматы облысының прокуратурасы олардың қызметін анықтады

Бұл туралы сейсенбі күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, өңірде «Киберпатруль» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, ол қауіпсіз интернет-кеңістік құруға, интернет сегментіндегі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және осы бағыт бойынша халықпен ағартушылық жұмыстарға атқаруға бағытталған.

Аталып өткендей, istory, legzo.casino, izzicasino, roxcasino, jet.casino, sol100.casino, fresh.casino, marvelousplay, superboss, caadrs, go24-cllub, kaea сияқты сайттар заңнамалық тыйым салынғанына қарамастан, онлайн құмар ойындар ұйымдастырған.

Сайттарға ашық қолжетімділікті ескере отырып, олардың заңсыз қызметі бүкіл елде жүзеге асырылды, деп атап өтті прокуратура.

«Есірткі құралдарын сатумен, порнографиялық материалдарды заңсыз насихаттаумен, төлем жүйелерінің жалған түбіртектерін дайындаумен, суицидтерді насихаттаумен және есірткі заттарын жеткізу-тасымалдау жұмысына орналастыру туралы хабарландырулармен айналысатын басқа да заңсыз интернет сайттарды бұғаттауға шаралар қабылдады», — деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

Ведомство заңсыз интернет-сілтемелері анықталған жағдайда төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуды сұрайды — 8-778-200-20-43; Whatsapp и Telegram — 8-708-505-50-22.

Добавить комментарий