Алматы облысындағы зауытта болған жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада жатыр

Алматы облысындағы зауытта болған жарылыстан зардап шеккендердің бірі әлі ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орташа деп отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ауруханаға зардап шеккен бес адам келген, олар үйлеріне қайтарылып, тек 53 жастағы ер адам ғана емделуге жатқызылды.

«Іле ауданындағы ауруханаға 5 адам келіп түсті. Кейін олардың төртеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас бетінің, екі қолының, кеуде қуысының 2-3 А дәрежелі термиялық күйікпен травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 31 тамызда Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы PolpanInsulation зауытында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыстан қабырғаның қаптамасы өртеніп, жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырға опырылып түсті. Бір адам қаза тапты.

Добавить комментарий