Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде науқастың ұлы хирургке шабуыл жасады

Ер адамның соққысы ауыр болғаны соншалық, дәрігер бірден есінен танып қалды. Аурухана басшылығы оқиғаның мән-жайын айтты.

«Қайта тексеру гинекологты күтуін және операцияға дайындау ұсынылды. Сол сәтте науқастың ұлы араласып кетті. Олар сөзге келіп қалып, содан кейін науқастың ұлы хирургтың бетінен ұрып жіберген. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған. Қазір хирург дәрігеріміз травматология бөлімінде ем алып жатыр», — деді Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Хасен Дасибеков.

Талғар ауруханасының дәрігерлеріне науқастар тарапынан шағымдар көп түседі. Адамдар наразы, олардың жұмыстарына шағымданады. Бас дәрігердің кабинетіне кіру мүмкін емес. Хатшысы оның жұмыс орнында жоқ екенін айтып жолатпайды. Бірақ бұл науқастың туысы күш қолданған алғашқы жағдай.

Оқиғаның мән-жайы хабарланбады. Науқастың туысы мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны жаряланбады. Науқастың денсаулық жағдайы туралы да ештеңе айтылмады.

Мидың шайқалу мен бас-ми жарақаты диагнозымен дәрігерді ауруханаға жатқызды. Соқырішек диагнозымен түскен науқасқа басқа хирург ота жасады. Әйелдің жағдайы жақсы, көп ұзамай ауруханадан шығарылады. Оның ұлына келер болсақ, бұзақы ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Дәрігердің алған дене жарақаттың ауырлық деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Осыған ұқсас оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке клиникада орын алды, емделушінің туысы дәрігерге шабуыл жасаған. Ер адам туысын кезектен тыс қабылдауды талап еткен.

Добавить комментарий