Алматы облысында вагон рельстен шығып кетті

Куәгерлердің айтуынша, Алматы облысында көпірде вагон рельстен шығып кетті. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық вагон бос болған.

«Боралдай станциясында екі вагон көпірде рельстен шығып кетті», — деп хабарлады әлеуметтік желілерде оқиғаның куәгерлері.

«8 қараша күні сағат 12:15-те Боралдай станциясында екі бос вагон рельстен шығып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр» , — деп хабарлады» ҚТЖ «ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл учаскеде пойыз қозғалысы ашық.

Добавить комментарий