Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тағы бір қару сақталған орынды тапты.
Хабарламада айтылғандай, Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қару-жарақ сақталған орын туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары «Калашников» автоматының 3 бірлігін, «Макаров» жауынгерлік тапаншасын, 2 граната мен 100-ден астам түрлі патрондарды тауып, тәркіледі.