Алматы облысында Құрбан айт кезінде малды жеке шаруашылықта сатуға тыйым салынды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов Құрбан айтты тойлау кезіндегі ережелер көрсетілген қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес:

Автокөліктегі және жеке шаруашылықтағы малды сатуға тыйым салынады.

Ресми ветеринариялық қорытынды алған мал союға арналған пункттерде және учаскелерде малды союды және өткізуді ұйымдастырылуы тиіс.

Малды сою жануардың денсаулығы туралы ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Алматы облысының мал сою пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту қажет.

Құрбандық шалуды онлайн режимде ұйымдастыру мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қажетті көлемдегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бүлінетін өнімдерді (етті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық ережелердің талаптарын сақтау қажет.

Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий