Алматы облысында оттегі стансасы іске қолды

Алматы облысында Алакөл ауданының ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияда жасалған оттегі стансасы 94 нүктеде оттегінің тәулік бойғы қажеттілігін қамтамасыз етеді

«Оттегі стансасы барлық қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Оттегі өндіру жүйелері орнатылған күннен бастап жалпы тоқтау уақытын, жалпы жұмыс уақытын, өндірілетін оттегінің жалпы мөлшерін, күні мен уақытын бақылап отырады. Сонымен қатар, монитордың тағы бір ерекшелігі оттегінің тазалығы төмендеген жағдайда экранға бес тілде жазбалар шығады. Бұл ретте өндірістік қуаттылық сағатына 36 текше метрді құрайды. Бұл оттегі стансасының жұмысының арқасында пациенттер өмірлік қажетті оттегімен қамтамасыз етіледі, Бұл дәрігерлерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Анықтама! ATASAM/ OXL-600 маркалы оттегі стансасы Түркияда жасалған және сағатына 6 баллонды өздігімен толтыруға қауқары жетеді.

Добавить комментарий