Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы облысындағы 10 оқушылар «Қытай таяқшаларынан» уланған болуы мүмкін екенін хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, 19 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылындағы мектептің он оқушысы аталған тағамды жегеннен кейін ауруханаға жатқызылды. Жеті баланы амбулаториялық бақылаудан кейін үйіне жіберді, үш оқушы жұқпалы аурулар бөлімінде жатқызылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары оқушылар Алматы қаласы көтерме саудасынан (Ташкент және Розыбакиев көшелерінің қиылысы, 5-Б ангардан) жеткізілген Талғар ауданындағы «Әли» дүкенінен сатып алған «Қытай таяқшаларын» улануы мүмкін деп отыр.
Алматы қаласы Алмалы және Наурызбай аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары «Қытай таяқшаларын» сату мен таратудың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Тергеудің егжей-тегжейі аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.