Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар төртінші сынып оқушысы сыныптастарынан жүйелі түрде қорлық көргені үшін суицид жасамақ болған.
Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға 10 қыркүйекте Бесағаш кентінде болған. Бала артынан хат жазып, бір уыс аспиринді ішкен. Оны анасы көріп, дереу жедел жәрдем шақырды.
Полиция бұл оқиғаны бақылауға алып, тергеу амалдарын бастады. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бөлімінің 3-бабы бойынша ПБ-да тіркелгенін растады