Алматы облысында газға қосылудың бірыңғай бағасы белгіленеді

Алматы облысында арнайы комиссия құрылады, ол газға қосылудың бірыңғай бағасын белгілейді.

«Облыс прокуроры кеңесте айтылған мәселелердің, соның ішінде газға қосылудың халыққа да, бизнес өкілдеріне де қолайлы бірыңғай бағаны белгілеу бойынша оңтайлы және тиімді шешімін іздейтін жұмыс тобын құруды ұсынды», — делінген хабарламада. .

Алматы облысының прокуратурасы газға қосылу бағасын белгілеуге кірісті.
Деректерге сәйкес газға қосылу бағасы 350 мың-700 мың теңге арасында.

Прокуратура аталған мәселені «Алматыгазсервисхолдинг» ЖШС, «Тәуекел» компаниялар тобы, «Қазтрансгазаймақ» АҚ, «APL constraction» ЖШС, «Жетісу газ құбыры» ЖШС, «Жетісу обл газ» ЖШС-мен талқылайды.

Добавить комментарий