Алматы облысында 24 жастағы әйел туылмаған баласын сатпақ болды деген күдікке ілінді

«Стоп-Трафик» жедел- алдын алу шарасын өткізу кезінде Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасы ұсталды. Қылмыс әлеуметтік желілерге мұқият мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталды.

Өңірдің ПД бастығы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Аталған дерек тіркеліп, «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Добавить комментарий