Алматы облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыста 173 мың гектардан астам жер телімі анықталды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың басынан жалпы көлемі 12,4 мың га болатын 43 жер учаскесі бойынша сотқа талап арыздар жолданды. Оның ішінде соттар 28 жер учаскесі бойынша жалпы көлемі 10,5 мың га жер учаскелерінің үлгілік жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды.
2024 жылдың басынан ерікті негізде 9,5 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осылайша жыл басынан бері облыс аумағында мемлекет меншігіне 20,0мың га жер учаскелері қайтарылды.
Әкімдік биылғы жылдың аяғына дейін облыс көлемінде жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 70,0 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл қадам өңірде ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.