Алматы облысында 10 жасар баланы көлік қағып кетіп мерт қылды.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«19 қыркүйекте сағат 18.45-те Талғар ауданында 10 жасар баланы көлік қағып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.
24 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Жаңалық ауылындағы Жетіген-Алматы автожолымен келе жатқан.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы ПБ СДТБТ-де тіркелді.
Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.