Алматы облысы ОА-да электр энергиясын өндіру орталығына айналуы мүмкін

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Алматы облысы Орталық Азияның ірі энергохабына айналуға потенциалы барын мәлімдеді. Оның айтуынша, қосымша энергия қуаттылығы өңірдің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс, себебі ішкі нарықтағы сұраныс үнемі өсіп отырады, ал артық энергияны экспорттауға болады. Қырғызстан мен Өзбекстан қазірдің өзінде қазақстандық электр энергиясына үлкен қызығушылық танытып отыр. Жұмыс сапары аясында Жақыпов Қапшағай ГЭС-інде және Қонаев қаласының маңындағы күн электр станциялары паркінде барып, бүгінгі таңда Қазақстанда дәл осы ГЭС маневрлік қуаттың негізгі көзі болып табылатынын және электр энергиясына жоғары сұранысты қанағаттандыратынын атап өтті.

Добавить комментарий