Алматы облысында кейбір қызмет түрлеріне тыйым салу сақталып отыр, алайда карантиндік ережелерді кезең-кезеңмен жеңілдету іске асырыла бастады.
Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин режимі және оны біртіндеп жеңілдету туралы тиісті қаулыға қол қойды.
Бұл ретте қызметті қайта бастауға рұқсат етілмейді:
1 сыйымдылығы 30 орыннан асатын 1 қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кафелер, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, барлар);
2 қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер;
3 15 адамнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар;
4 түнгі клубтар, кальян лаундждары;
5 ойын-сауық объектілері (көрмелер, букмекерлік кеңселер, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг орталықтары, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, батуттар және басқалары), кинотеатрлар.
Ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, отбасылық және естелік іс-шараларды, сондай-ақ жабық ғимараттарда спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен астам адам және 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады
Рейс аралық қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдау кестеге сәйкес сағат 06.00-ден 10.00-ге дейін және сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін 5 минуттан аспайтын уақытта маршруттардағы көлік санын ұлғайта отырып рұқсат етіледі.