Алматыда Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік Туын сахнаға алып шығудан және Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі мен Алматы қаласы әкімінің «ALL Jazz Symphony» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Байқадамов атындағы хор капелласының Мемлекеттік Әнұранды орындауынан басталды.
Көрермендер Айгүл Үлкенбаева, «Асыл» квартеті, ArtEast арт-балеті, «Бозторғай» балалар хоры, Әбілхайыр Жұмабай сынды талантты әртістердің өнерін тамашалады.
Патриоттық әндер шырқалып, сахнада Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін би және шығармашылық нөмірлер қойылды.
Концерт «Мен сені сүйемін Қазақстан» композициясын барлық қатысушының орындауымен аяқталды.
Мерекелік концертке Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қаланың шығармашылық зиялылары және т.б. қатысты.