Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент: Үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 31 тамызда түнде 8-10 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады. Ал қыркүйек айының басында күн жылиды. 1 қыркүйекте түнде 15-17, күндіз 30-32, 2 қыркүйекте түнде 16-18, күндіз 31-33 жылы болады деп күтілуде.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жылы болады. 31 тамызда синоптиктер түнде 15-17 градус, күндіз 29-31 градус болады деп болжап отыр. 1 қыркүйек түнде 15-17, күндіз 28-30 жылы болады. 2 қыркүйекте түнде 16-18, күндіз 30-32 ыстық болады деп күтілуде.

Шымкентте одан да ыстық болады. 31 тамызда түнде 16-18, күндіз 33-35 нөлден жоғары болады. 1 қыркүйек түнде 17-19, күндіз 34-36 жылы болады. Ал 2 қыркүйекте түнде 18-20, күндіз 35-37 ыстық болады. Үш күн бойы көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.

Добавить комментарий