Алматы: Миллионнан астам қала тұрғыны COVID-19 қарсы екпе алды

Алматының миллионыншы тұрғыны коронавирус вакцинасын алды. Ол қала тұрғыны Самал Оқапова.

Бұл туралы қала әкімі Twitter-де айтты.

«Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық», — деп жазды ол.

6 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 390 029 адам, екі компонентін — 7 651 170 адам алды.

Добавить комментарий