Алматы мен Қонаев арасында электр пойызы бағыты ашылады

Алматы мен Қонаев арасында электр пойыз ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Биыл 19 қазанда Алматы облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ИИДМ Алматы және Қонаев қалалары арасында жаңа жолаушылар темір жол бағытын ашу мәселесін қарастырған.

«Осыған сәйкес биылғы жылдың 11 қарашасынан бастап Алматы – Қонаев пойыз бағыты ашылады. Электр пойызы тәулігіне бір рет жүреді. Жылжымалы құрам Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келеді. Ал Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келеді.

Электр пойызы құрамында жалпы жолаушылар сыйымдылығы 175 орынды құрайтын 3 вагон бар.

Тасымалдауды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.

Добавить комментарий