Алматы мен Нұр-Сұлтанға есірткі жеткізген контрабандист 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Алмаы мен Нұ-Сұлтанға есірткі жеткізумен айналысқан ер адам 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол есірткі заттарының заңсыз айналымымен және оларды сатумен айналысқан қылмыстық топты жою бойынша арнайы операция кезінде ұсталды.

Ол қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейтін болады. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан аумағында есірткі жеткізуші және таратушы тұлғалардың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген болатын.

Олар үй жануарларына арналған азық-түлікке оралған халықаралық сәлемдемені алу кезінде ұсталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 келіден астам марихуана мен мефедронды құрады.

Сот шешімімен тәркіленген есірткі заттары жойылды, деп хабарлайды ҚМА.

Добавить комментарий