Алматы маңында 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Cейсмологтар Алматыдан 25 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 балл болатын жер асты дүмпулерін тіркеді.

«Жер сілкінісі 2023 жылғы 10 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 04 сағат 12 минут 01 секундта (2023 жылғы 09 қаңтарда Гринвич бойынша 22 сағат 12 минут 01 секундта) тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. MPV магнитудасы 4.2»- деп хабарлайды «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі.

Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 бағаны бойынша) түскен жоқ

Добавить комментарий