Алматы: Коронавирусқа қарсы екпені қайда салдыруға болады

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы коронавирусқа қарсы вакцинацияның қалай және қайда жүргізілетіні туралы айтты.

Егу кабинеттері барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жабдықталады. Кабинеттер мемлекеттік емханаларда, сондай-ақ МӘСҚ шеңберінде бекітілген халқы бар жеке медициналық ұйымдарда орналасады.

Емхана залдарында вакцинациялау туралы ақпараттық материал — вакцина салдыруға дайын адамдар үшін қажетті иммундау фазалары, кезектілік және жадынамалар орналастырылады.

Әрбір медициналық ұйымда екі кабинет қарастырылғандықтан, ұзын-сонар кезектің пайда болуы мүмкін емес. Әрбір кабинетте — дәрігер, вакцинатор-медбике және тіркеуші болады. I компонентті қолдана отырып бір егу кабинетінде II компонентті қолданып вакцинация жүргізілмеуі тиіс. Жеке желдетілетін үй-жай қарастырылған, онда вакцина салдырған адамдар арақашықтық талаптарын сақтай отырып, 30 минут бойы медициналық бақылауда болуы тиіс, — деп хабарлады басқармадан.

Күніне 60 адамға екпе салынады. Мобильді көшпелі бригадалар 40 адамнан аспайтын адамға вакцина салады.

Вакциналау процесіне қатысатын барлық медицина қызметкерлерінің тәжірибесі бар және Спутник V вакцинасымен иммундау бойынша қосымша қайта даярлаудан өткен, — деп атап өтті Алматы ҚДБ.

Қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталады.

Добавить комментарий