Алматы әкімінің орынбасары болып Мақсат Кикимов тағайындалды

Мақсат Сәкенұлы Кикимов Алматы әкімі қызметіне тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол қаланың Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетті.

Кикимов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясының, Алматы экономика және статистика академиясының, «Тұран» университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматыдағы «Альянс банк» АҚ филиалының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің маманынан бастаған.

2006-2012 жылдар аралығында «Альянс банк» АҚ Алматыдағы филиалында бас бухгалтер, «Астана-Қаржы» АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, «Трансервис-Миллениум» ЖШС-де қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, бас бухгалтер — «Кредит Алтын Банк» АҚ басқарма мүшесі, Банк технологиялары департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылғы қыркүйектен бастап 2018 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.

Добавить комментарий