Алматы әкімі кезекші сыныптарда кімнің сабақ беретінін айтты

Алматы әкімі балаларын кезекші сыныптарда студенттер немесе тәжірибесіз педагогтар оқытады деп қорқатын бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының қорқынышын сейілтті.

Бақытжан Сағынтаев Білім беру қызметкерлерінің форумында салалық басқармаға кезекші сыныптарға тәжірибелі мұғалімдерді бекітуді тапсырды.

Бұл шаралар педагогикалық ЖОО түлектері мен студенттерін бірінші сынып оқушыларымен жұмысқа тарту туралы сыбыс аясында қабылданды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары олардың балаларымен тәжірибесіз түлектер немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының соңғы курстарының студенттері жұмыс істейтініне алаңдаушылық білдірді. Бұл болмайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалармен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Бұған еш күмән жоқ. Білім басқармасына тиісті тапсырма беремін «, — деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев.

Добавить комментарий