Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың энергия нысандарын аралау барысында Бостандық ауданындағы «Южная» қазандығын реконструкциялауды осы жылдың қазан айына дейін аяқтауды тапсырды. Қазандықтың қуатын сағатына 55 Гкал/сағатқа дейін арттыруға арналған бұл жоба қаланың оңтүстік бөлігін, 200 мың тұтынушыны, соның ішінде әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин, Розыбакиев, Жароков көшелеріндегі жаңа тұрғын үй кешендерін үздіксіз жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазір барлық технологиялық жұмыс аяқталғанын, газ құбырларын, түтін мұржаларын оқшаулауды, мазут сақтау резервуарларын қоршауды, монтаждауды, сонымен бірге іргелес аумақты абаттандырудың, іске қосу-реттеу жұмыстарының жалғасып жатыр.
Алайда жобаны іске асыру барысында қиындықтар туындады: «Силумин-Восток» жеткізушісі тез қызып кеткен бес сапасыз желілік сорғыны берді. Былтыр әкімдік осы құрылғылар үшін өтемақы талап етіп, сотқа шағым түсірген. Сот қала билігі түсірген шағымды қанағаттандырып, үкім жақын арада шығаылады деп күтілуде.
Алматы әкімінің келесі аялдаған нысаны биыл 1 тамызда пайдалануға берілген «Алмагүл» жаңа подстанциясы болды. Жаңа подстанциядан тарату пункттеріне қуат беру үшін ұзындығы 10,2 км 10 кВ кабельдік желілердің трассасы салынғанын атап өткен жөн, сонымен бірге осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төсеу аяқталды.