Алматы әкімі діни ұйымдардың көшбасшыларына алғыс хаттар тапсырды

Кеше, жексенбі күні, 2020 жылғы 18 қазанда Алматы әкімінің діни ұйымдардың көшбасшыларына алғыс хаттарын табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Қала басшысының атынан салтанатты рәсімді Оңтүстік астана әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өткізді.

18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл кмереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған.

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православ шіркеуінің, Рим католик шіркеуінің өкілдері, Евангельдік христиан-баптистер және т.б. өкілдері қатысты.

Кездесу барысында рухани келісім және дәстүрлі адамгершілік құндылықтар мен толеранттылық идеясын одан әрі нығайту, сондай-ақ деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін діни қызмет мәселелері бойынша халықпен кері байланысты күшейту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. әлі қауіпі сейілмеген пандемия кезіндегі халықтың ауызбіршілікте болуына жеке тоқталып өтті.

Клуб мүшелері Рухани келісім күнінің ерекше рөлін атап өтіп, діни бірлестіктердің одан әрі жұмысына байланысты бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Вознесенск кафедрасының ключары Александр Суворов, Алматыдағы Пресвятой Үштігі епархиясының бас викарийі Беднарски Ян Богумил сөз сөйледі.

Ержан Бабақұмаров Клуб мүшелеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдіріп, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан қаланың қоғамдық өміріне қосқан үлесі мен белсенді араласқаны үшін алғыс хаттарды табыс етті.

Анықтама: Алматы қалалық діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы, ол қалалық Дін істері басқармасы жанындағы ерікті консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Ол 2017 жылы құрылып, түрлі діни бірлестіктердің 30-ға жуық өкілін біріктіреді. Мақсат — дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. Клуб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысып, бостандық туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.

Добавить комментарий