Алматы әкімі қалада блок-бекеттер орнату не орнатпау туралы хабарлады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы блок-бекеттер туралы мәлімдеме жасады. Бұл мәселе қала тұрғындарын да, қала маңынан күн сайын жұмысқа келетін облыс тұрғындарын да қызықтырады.

2020 жылдың көктемінде коронавирус індетіне байланысты жабылған Алматының жаңа жабылу перспективасы жұртты алаңдатады.

«Алматытының жабылатыны немесе жабылмайтыны, ол өзімізге байланысты. Егер де сақтық шараларын сақтамасақ, маска тақпасақ, ара қашықты сақтамасақ, той тойлап жүретін болсақ, амал жоқ сол жағдайға келуіміз мүмкін. Біз көпшіліктің блок-бекеттер тұрған кезде жұмысқа және қалаға кіре алмағанын көрдік. Бұл жерде барлығы Алматыға ғана емес, Алматы агломерациясына да байланысты, өйткені біз Алматы облысынан бөліне алмаймыз. Облыс тұрғындарының көбі бізге жұмысқа келеді, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, медициналық қызметкерлер де бар. Сондықтан бәрі бізге байланысты, егер біз қаланы жапқымыз келмесе, онда карантиннің барлық шараларын сақтауымыз керек. Олай болмаған жағдайда, біз қалану жабуға мәжбүр боламыз», — деді әкім.

Добавить комментарий