«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина Алматы қаласының әкімдігі құқық қорғаушыларға биылғы жылдың 20 қарашасына белгіленген шеруді өткізуге рұқсат бермегенін айтты.
Олар OVID-19 байланысты енгізілген карантинді карантин алға тартты. Қала басшысы орынбасарының жауабын әлеуметтік желідегі парақшасында келтірілген.
20 қазанда Бақытжан Төреғожина мен «Либерти» қорының президенті Ғалым Ағелеуов әкімдікке 20 қарашада Махатма Ганди алаңынан бастап, Шевченко көшесінің бойымен жүріп, Шоқан Уәлиханов алаңына дейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін бейбіт шеру өткізу туралы есерту хат тапсырған. Ұйымдастырушылар акцияның тақырыбы реформалар мен сот органдарының, банкт пен жеке сот орындаушыларының жұмысының ашықтығын арттыру екенін мәлімдеді. Әкімдік сегіз күннен кейін жауап берді.
Төреғожинаның айтуынша, әкімдіктің шешіміне таң қалмады. Құқық қорғаушы бүгін Facebook-тегі парақшасында әкімдікке «көктемге дейін» қоғамдық акция өткізуге жаңа өтінімдер беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Былтыр қазан айында құқық қорғаушыларға бірнеше мәрте өтініш бергеннен кейін билік өкілдері саяси реформалар мен саяси себептермен қудалауды тоқтату үшін митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл ретте, қатысушыларға әлеуметтік қашықтықты сақтауға және маска тағуды міндеттеді.
Қазақстанда қабылданған бейбіт жиналыстар туралы заңға сәйкес, азаматтар жергілікті атқарушы органдарға бейбіт митинг өткізетінін алдын ала ескертуі керек. Егер әкімдік рұқсат етпесе, митинг «заңсыз» деп саналып, оған қатысушылар жауапқа тартылады. Аталға заңды жетекші халықаралық құқық қорғау ұйымдары азаматтарға бейбіт жиналыс өткізуге кепілдік бермейтінін айтып сынға алған. Құқық қорғаушылар мен белсенділер ел Конституциясы кепілдік берілген құқығын шектеп, билік өкілдері бейбіт жиналыстарды толық бақылайтынын айтты.
Бұған дейін Human Right Watch халықаралық ұйымы және басқа да құқық қорғаушылар Нұр-Сұлтанды коронавирус пандемиясын пайдаланып, адам құқығын шектеп отыр деп сынаған. Осы аптаның басында еліміздің ірі қаласы Алматы коронавирустық инфекция бойынша «сары» аймаққа өтті. Қыркүйек айынан бастап аурудың бәсеңдегеніне байланысты билік карантинді жеңілдетті, атап айтқанда, вакцина салдырғандардың қатысуымен салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар өткізуге рұқсат берді.