Алматы әкімдігі тасымалдаушы компанияға ақша төлемеуде

Алматы қаласының әкімдігі тасымалдаушы компанияларға субсидия төлеуді жыл басынан бері кешіктіріп жатыр. Нәтижесінде көлік ұйымдары қарызға қосалқы бөлшектер мен жанармайды қарызға сатып алуда.

Әкімдіктегілер шамамен 4 млрд теңге қарыз екенін хабарлады.

Алматы қалалық мобильдік басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Мырзағұлов бұл жағдайға түсініктеме берді.

«Желтоқсан ақшасын біз ақпан айында төледік. Біз толықтай емес, 50%-ын төледік, автопарктер мүлдем ақшасыз отырған жоқ. Өткен жылы пандемия кезінде, иә, олар жұмыс істеді, олар көмектесті, бірақ қала да жанармай беріп көмектесті. Оған жол бермейміз (автопарктердің жұмысын тоқталуын). — Авт.). Қарыз шамамен 4 млрд теңге. Өткен жылы жолаушылар ағыны наурыздан бастап төмендеді, бірақ қараша айынан бастап біз 2019 жылдың көрсеткіштеріне жеттік», — деді Сымбат Мырзағұлов.

Шенеунік субсидия төлеуде үнемі кідірістер болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, негізгі мәселе әлеуметтік маңызы бар тасымалдардың тарифтерін қайта қарау болып табылады.

«Қазір мәселе есептеулерде. Біз қазір есептеулерді қайта тексеріп жатырмыз, тексеру әлі аяқталған жоқ. Аяқталған соң біз бәрін ұсынамыз. Автопарктер ақшасыз қалған жоқ, біз оларға ақша төлеп жатырмыз, біз оларға субсидия төлейміз, олар билеттерден ақша алып отыр», — деді ол.

Тасымалдаушы компаниялар қарызға белшесінен батқанын мәлімдеді. «Мадина» автопаркінің директоры Бекежан Тыныштықбай Алматы әкімдігі жыл басынан бері субсидия төлеуді кешіктіріп жатыр деп мәлімдеді.

«Әкімдіктің өтініші бойынша біз, жекеменшік автопарктер, автобустарды 100% жаңарттық. Несие алып, автобустарды лизингке сатып алдық. Олар біздің мәліметтеріміз бойынша субсидиялар бойынша жаңа есептерді мақұлдамады, сондықтан бізде үлкен кідірістер болды. Автопарктер жанармай, қосалқы бөлшектер сатып алуда, жалақы төлеуде қиындықтарға тап болды. Қазір бізге газбен жүретін жаңа автобустарды сатып алыңдар деп жатыр, бірақ біз қазіргі несиелерді төлей алмай отырмыз», — деді ол.

Автопарк басшысы былтыр жолаушылар ағыны және субсидия төлемдері аз болғанын айтты. Биыл жолаушылар саны артып, әкімдік субсидия төлей алмауда.

«Кідірістер автобустардың бағасын, кірістілігін тексеру басталғанына байланысты, бірақ бізде бәрі ашық, барлық жолаушылар электронды билет жүйесі арқылы төлейді, сондықтан жолаушылар ағыны айқын көрінеді. Менің ойымша, бюджетте ақша жетіспеуде, сондықтан олар 50%-ын төледі», — деді Бекежан Тыныштықбай.

Ол атап өткендей, субсидияны төлеу автобустарда жол жүру ақысын жаңа тарифтер бойынша ұзақ есептеу проблема болып отыр. Автопарк қосалқы бөлшектерге — 17 млн теңге және жанармайға — 33 млн теңге қарыз.

«Мамыр айында біз ақпан наурыз және сәуір айлары үшін төлемнің 50%-ын алдық. Қалған ақша қайта қаралатынын айтты. Алматының даму орталығы тексерді, ревизия комиссиясы тексерді, тарифті төмендетудің себебін іздеп жатыр. Олар өткен жылы 22 млрд теңге субсидия төлесе, биыл кем дегенде екі есе артты деп есептейді. Біз өткен жылы жолаушылар ағыны аз болғанын, ал биыл ол ұлғайып, жаңа автобустар, жаңа маршруттар пайда болғанын түсіндірдік. Егер банктер мен лизинг берушілер автобустарды тартып алса, қызметімізді толық тоқтатуға мәжбүр боламыз, әрі қарай қалай өмір сүреміз? Бұл қоғамдық көлікте жол ақысының өсуіне алып келеді», — деді ол.

«City Bus» ЖШС директоры Егор Жиглов та өзінің автопаркі қиындыққа тап болғанын хабарлады.

«Өткен жыл біз үшін ауыр болды, біз қазір өз күніміөзі зорға көріп жатырмыз. Бізге субсидия төлеу мерзімін кейінге қалдырып, кешіктіріп жатыр. Бұл компанияның сапалы жұмыс істеуіне, дамуына қатты әсер етеді. Бұл — тоқтамайтын өндіріс. Егер уақытында қаржыландырмасақ, сәйкесінше даму болмайды. Автобустарды жөндеу субсидия төлеуге байланысты, егер жүргізуші жалақы алмаса, кетіп қалады, бұл үлкен тапшылыққа алып келеді. Нәтижесінде кадр ауыс-түйісі болады, бұл шаршатады», — деді Егор Жиглов.
Автобустарды жөндеу субсидия төлеуге байланысты, егер жүргізуші уақытылы жалақы алмаса, кетіп қалады. Бұл үлкен тапшылыққа әкеп соғады», — деді ол.

Мұны білу неге маңызды. Тасымалдаушы компаниялардың жұмысын субсидиялау — қала тұрғындары үшін 80 теңге көлеміндегі тарифті ұстап қалу тәсілі. Қоғамдық көлік жұмысының сапасы бюджеттен уақытылы төленетін төлемдерге байланысты. Кідірістер автопарктердің автобустарды уақытында жөндей алмауына алып келеді, ал бұл қозғалыс аралығына әсер етеді. Бұдан басқа, егер компаниялар несиелер бойынша төлемдерді кешіктірсе, банктер автобустарды тартып алып, қала қоғамдық көліксіз қалады.

Добавить комментарий