Алматы әкімдігі қаланың қысқа дайындығына қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі Оңтүстік Астанада қыста жолдар қалай күтілетініy айтnы.

Бұл туралы ӨКҚ-дегі брифингте Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Әшкенов айтып берді.

Айтуынша, техникалар, материалдар, жоғары білікті жұмысшылар дайын. Мобильді топтар күнделікті кезекшілік жүргізеді.
Көшелерді күтіп ұстау үш дәреже бойынша жүргізіледі: олар қалалық, аудандық және жергілікті маңызы бар көшелер.
«Бұған сәйкес, қала көшелерінде күніне кемінде 2 рет, аудан көшелерінде күніне 1 рет және жергілікті көшелерде аптасына кемінде 1 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бірақ бұл жұмыс мұнымен шектеледі дегенді білдірмейді, қалыптасқан жағдай мен ауа райына байланысты көлік қозғалысын үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар атқарылады», — деді Дулат Әшкенов.

Добавить комментарий