Алматы: Көк базар жабық, Райымбек метро станциясы жұмыс істемейді

Алматыда белгісіз себептермен Көк базар мен Райымбек батыр метро станциясы жабылды.

«Көк базар» әкімшілігі базар бүгін сағат 12-ге дейін жұмыс істеп, әкімдіктен келіп түскен ауызша өкімнің негізінде дүйсенбіге дейін жабылған.

«Әкімдіктен бізге базарды жабу туралы ауызша нұсқаулық келіп түсті. Бұл жалға алушылардың қауіпсіздігі мен базардың материалдық құралдарының сақталуына арналған», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, 28 қыркүйек, дүйсенбі күні базар жұмысы қайта жалғасады.

Бұдан басқа, 2020 жылы қыркүйектің 25,26,27-сі сағат 18: 00-ден бастап Райымбек батырдың метрополитен станциясы техникалық себептерге байланысты жабылады, деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

«Барлық жолаушыларға Жібек Жолы станциясынан Мәскеу станциясына дейінгі өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қайта отырғызу қажет ететін жолаушылар үшін Гоголь-Назарбаев бағытында жүретін қала маңындағы автобустардың бағыттары түзетіледі», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Добавить комментарий