Алматы ДШӘ құрылғанына 22 жыл болды

Алматыда десанттық-шабуылдау әскерлерінде Ашық есік күні өтуде.

Іс-шара Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 22 жыл болғанына орай ұйымдастырылды.

Мерекеге орай концерт өтіп, әскери техника, атыс және топтық қару, байланыс құралдары және арнайы десанттық жабдықтар көрсетілді.

Қазіргі уақытта десанттық-шабуылдаушы әскерлер – жоғары мобильді және соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған, негізгі күштерден, оның ішінде жау тылында басқа да тапсырмаларды өз бетінше орындауға қабілетті әскер тегі. Олардың жауынгерлік қуатын десанттық-шабуылдау, артиллериялық, барлау, бітімгерлік құрамалары, бөлімдер мен бөлімшелер құрайды.

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлық оқу-жаттығуларға, соның ішінде халықаралық жаттығуларға ұдайы қатысып жүр. Атап өтсек, олар Армия халықаралық ойындарында нәтижелі өнер көрсетті. Десантшы-жауынгерлер әрдайым өздерінің жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберліктерін, аса күрделі тапсырмаларды орындауға қабілеттілігін көрсетіп келеді.

Бітімгерлік қызмет атқаруда да десанттық-шабуылдау әскерлерінің қосқан үлесі зор. «Қазполк» әскери қызметшілері 2003-2008 жылдар аралығында Ирактағы бітімгерлік миссияға қатысты. 2018 жылдан бастап «Қазполк» және «Тілендиев» бітімгерлік дайындық орталығы базасында қазақстандық бітімгерлерді, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштер контингентінің құрамында миссияларға қатысу үшін даярлау жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий