Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Алматы: Дәрігерлер өкпесінің 88%-ы зақымданған науқасты құтқарып қалды

21 августа 08:30 / Опубликовано в COVID-19

Алматылық дәрігерлер ауыр науқасты өлімнен құтқарды. Оның өкпесі толығымен зақымданған еді. Бірақ дәрігерлер мүмкін еместей болып көрінген нәрсені жасай алды.

Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері  өкпесінің 88%-ы зақымданған науқасты емдеді. Дәрігерлер коронавирустық инфекцияға байланысты өкпесі жарамсыз деп танылған 59 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ қалалық филиалында айтылды.

Оңтүстік астананың тұрғыны Владимир Шестаков бір айдан астам уақыт бойы өмір сүру үшін күресті, оның ішінде  2 апта екі жақты пневмонияның жіті түрімен жансақтау бөлімінде жатты. Сол күндері оның жағдайы ауыр деп бағаланған.

Бұл туралы науқастың қызы Ольга Чистякова Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы аурухана дәрігерлеріне алғысын қалдырды. Бағдарлама жақында іске қосылғанына қарамастан, ол пациенттермен кері байланыс орнату үшін тамаша арнаға айналды. Жыл басынан бері қосымша арқылы шамамен 700 алғыс келіп түсті, – дейді Алматы қаласы бойынша МӘМС филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Ольганың айтуынша, оның әкесі 2020 жылдың 25 маусымында ауырып қалған, Бастапқыда пациентке ЖРВИ диагнозы қойылып, дәрі тамызғыш пен таблеткалар түрінде емдеу тағайындалды, бірақ жағдайы жақсармады. Кейіннен диагностикалау кезінде оның өкпесі 88%-дан астам зақымданып ауыр түрдегі өкпе қабынуы анықталды, ал COVID-19-ға тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Науқасты жедел жәрдеммен ІІМ Госпиталіне алып келген соң, онда ол екі апта жансақтау бөлімінде жатты.

Одан кейін госпиталь дәрігерлері оны ОҚКА-ға тасымалдауға шешім қабылдады. Ең нағыз ғажайыптар тасымалдағанда басталған. Біз дәл осы ауруханаға түскеніміз үшін өте бақыттымыз. Дәрігерлер бірден оны аяққа тұрғызатынын айтты. 28 шілдеде әкем ауруханадан өте жақсы жағдайда шықты. Онда жұмыс істейтін дәрігерлердің қолдары алтын, ал олардың білімдеріне баға жетпейді. Қазір әкем өкпесі зақымданған соң, жазылып өздігімен дем ала алады, – дейді Ольга Чистякова.

Емдеуші дәрігер Мыңжан Меңлібековтің айтуынша, пациент ОҚКА-ға өте ауыр жағдайда түскен.

Коронавирустық инфекция кезінде негізгі асқыну вирустық өкпе қабынуы болып табылады, ол әрдайым ауыр өтеді. Науқаста оттегі көмегінсіз өкпенің зақымдануы 97%-ға дейін жетті. Біз бірден дәрі-дәрмекпен емдеуді және оттегі оксигенациясын бастадық. Емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы едәуір жақсарды, – деп түсіндірді М.Меңлібеков.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: COVID-19, Алматы, аурухана, госпиталь, коронавирус, өкпе қабынуы

Читать ещё

Білім және ғылым министрі қазақстандық коронавирус вакцинасын сынау туралы сөз қозғады
Қазақстан: Бір тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 364 жағдайы анықталды
Қазақстанда коронавирустан 104 мың адам емделіп шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: