Алматы қаласының әкімдігі қалада ауылдық жәрмеңкелер ашылатыны хабарлады, онда ауыл шаруашылығы өнімдерін базарларға қарағанда 10-15%-ға арзан сатып алуға болады.
Жаңа маусымды ашуға Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан және Алматы облысының 17 ауданынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер келеді. Сонымен қатар жәрмеңкеге «Жетісу» ӘКК «ҰК» АҚ қатысады. Іс-шаралар қаланың екі ауданында бірден таңғы сағат 8-ден кешкі 17.00-ге дейін «Астана» алаңында (Абылай хан даңғылынан Н.Назарбаев даңғылына дейін)
және «Алатау» концерт залының аумағында («Нұркент» ықшамауданы, 6).
Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы көлемі 50 тоннадан асатын өнімнің 400-ден астам түрлері ұсынылады:
- ет өнімі — 60 тонна;
- жеміс-жидек, көкөніс өнімдері — 180 тонна;
- сүт өнімдері — 21 тонна;
- балық өнімі — 16,2 тонна;
- басқа да өнім — 126 тонна.
Азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы орташа деңгейден 10-15%-ға төмен болады
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы және түрлі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Алдағы уақытта Алматыда осындай іс-шараларды Жамбыл және Түркістан облыстарының қатысуымен өткізу жоспарлануда.
Нысандарға санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде қолдың гигиенасы (қолғап, антисептик) мен әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша қатаң талап қойылады, — деп хабарлады Алматы әкімдігі.