Ақорда баспасөз қызметі биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша қандай мамандықтар мамандықтар ең көп сұранысқа ие болғанын айтты.
«Осы жылы «Қашықтан оқыту методологиясы мен әдістемесі. Педагогикалық платформаларды әзірлеу», «STEM пәндерін оқыту әдістемесі», «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық», «Педагогикалық инновациялар», «Биология, молекулалық биология, биохимия», «Вирусология. Жұқпалы аурулар. Эпидемиология», «Цифрлық экономика. Сандық Маркетинг» және т. б. сияқты мамандықтар сұранысқа ие болды», — деп хабарлады Ақордада жұма күні шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысының қорытындысы бойынша.
Отырыс мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өтті.
«Комиссияның шешімімен 2021 жылдың үшінші легіндегі стипендия 569 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура мен докторантура бағыты бойынша білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі», — деп хабарлады Ақорда.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.