Алматы: Аурухана алдында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыда аурухана маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.

Алматыда 7-ші қалалық клиникалық аурухана маңында, Райымбек батыр даңғылында адам өліміне алып келген жол апаты болды.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, 5-ші сериялы BMW маркалы көлік Райымбек батыр даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқанда, рұқсат етілмеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргінші қағып кеткен.

BMW жүргізушісі көлігін тежеп үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып, 10-15 метрге лақтырып жіберген.

Жаяу жүргінші дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Добавить комментарий