Алматыда қар тазалау жұмыстарына 500-ге жуық арнайы техника шығарылды. 2021 жылғы 15 қарашада дүйсенбіге қараған түні жол жұмысшылары мен көліктер Алматы көшелерін қардан тазалады. Қаланың тау етегіндегі бөлігінде 5-8 см, тауларда 40 см-ге дейін қар жауды. Қазір қалада жаңбырдан кейін дымқыл қар жауып тұр, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап. Түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласты, таңғы сағат 07:00-де басталған жаңбырдан кейін дымқыл қар жауды. Таңғы сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, қаланың тау етегіндегі бөлігінде 5-8 см, тауларда 40 см-ге дейін қар жауды.
Жаяу жүргіншілер жолын, жаяу жүргіншілерге арналған аумақтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ жиектерін және басқа да ортақ пайдалану орындарын тазалауға ерекше көңіл бөлінген. Түскен жапырақтарды жаппай жинау жұмыстары ұйымдастырылды», — делінген ведомство хабарламасында. Түнгі уақытта 498 бірлік техника, оның ішінде 178 құм сепкіш және 280 жол жұмысшысы шығарылды.
Таңертең қар тазалау жұмыстарына бір жарым мың жұмысшы, 545 бірлік техника жұмылдырылды. Таңертең жолдарға көктайғаққа қарсы 920 тонна материалдар себілді. Кешке қарай қар жауады деп күтілуде.