Алматы қаласының тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіріп қоя жаздады

Алматыда белгісіз біреу атыс қаруын қолданып шабуыл жасалды. Нәтижесінде теміржол қызметкерлерінің бірі ауруханаға түсті.

Алматыда 34 жастағы ер адам теміржол қызметкерін өлтіруге әпекет жасады, деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

«26 шілдеде Алматы-1 танциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреу теміржол қызметкеріне жасалғаны , соның салдарынан ол оқ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті», — деді көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Күдікті ұсталып, одан револьвер тәркіленді.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп толықтырды департамент бастығы.

Добавить комментарий