Алматы қаласының экология басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Алматы экология басқармасы басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласының экология саласындағы лауазымды тұлғалары арасында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлады.

«Мәселен, жүйелі түрде пара алуда Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары әшкереленді.

Олардан бизнес өкілдерінен экологиялық бекеттерде автокөлік құралдарына экологиялық мониторинг жүргізу бойынша бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін 12 млн.теңгеден астам қаражат алынғаны анықталды», — делінген Антикор хабарламасында.

Бұдан басқа, жемқорлық жасауда әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» басшылығы әшкереленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кешенімен парк басшысының санитарлық бұтау және ағаштарды кесу жөніндегі шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 млн.теңге сомасында пара алғаны туралы дәлелдер алынды.

Добавить комментарий