Абай даңғылы бойынша Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін күндізгі және түнгі уақытта 7 шілдеде сағат 23:00-ден 9 шілдеде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі. Асфальтбетон жабындысының төселуіне байланысты қозғалыс шектелді, деп хабарлады қалалық мобильдік басқармасы.
Айналма жол Есенжанов, Сәтбаев, Тілендиев, Брусиловский, Тұрғұт Озал көшелерімен қамтамасыз етіледі.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, полимерасфальтбетон жоғары температурада төселеді, ал қажетті беріктікке жету үшін қоспаны салқындату керек. Әйтпесе, қоспаның құрамы көлік құралдары жүктемелерінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта жарықтар мен колысулардың пайда болуына әкеледі.
Әкімдіктегілер атап өткендей, Достық даңғылынан Назарбаевқа дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Абай даңғылындағы жол жұмысшылары бір-біріне бетпе-бет келе жатыр.
Басқарма уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жүргізушілерден баратын бағыттарды алдын ала белгілеп алуды сұрайды.