Алматы қаласы бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда алдағы күндері ауа райы нашарлайды деп күтіледі, қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК Алматыда 25-27 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

25 наурыз — көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең — жаңбыр, қар жауып, тұман басады, көктайғақ болады. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0… -2 °С, күндіз +7… +9 °С болады.

26 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2… +4°С, күндіз +12… +14°С болады.

27 наурыз — күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр, қар жауады. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0 +2°С, күндіз +6… +8°С болады.

Добавить комментарий