Алматы облысы полиция департаменті қызметтік-іздеуші ит қала орталығынан қару-жарақ жасыныған орнын тапқанын хабардар етті.
Қойма ағымдағы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды.
Ведомствоның баспасөз қызметі қызметтік-іздеуші иттің көмегімен қару-жарақ жасырынған орынды қалай тапқаны туралы видеоны жариялады.
Жедел іс-шараларды жүргізу барысында “Самал” ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.