Алматы: Қалаға ең көп қандай мамандар қажет

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы ұсынған мәліметтеріне сәйкес, Алматыда осы жылдың үшінші тоқсанында күзетші мамандығы ең көп сұранысқа ие болды — 702 бос жұмыс орны бар.

Екінші орында әлеуметтік қызметкер — (629 бос жұмыс орны), одан әрі дәнекерлеуші (567 бос жұмыс орны). Ал артық кәсіптер рейтингін мыналар көш бастап тұр: жалпы хирург дәрігері (64 түйіндеме), дәрігер-терапевт — (63 түйіндеме) және шет тілі мұғалімі (58 түйіндеме).

Алматы облысында орта мектеп мұғалімдерінің жетіспеушілігі байқалады — 1069 бос жұмыс орындарына жарияланған 60 түйіндеме келеді. Тізім бойынша екінші тапшы мамандық — жол жұмысшысы (625 бос жұмыс орны). Аталған артық кәсіптер саласындағы сияқты заңгерлердің де саны көп — 20 бос орынға 141 түйіндеме.

Тұтастай алғанда, осы кезеңде Алматы бойынша білікті еңбек бөлігінде Электрондық еңбек биржасында 19,3 мың бос жұмыс орны, оның ішінде жұмысшылар өнеркәсібі, құрылыс, көлік және басқа да осыған ұқсас жерлерге 5 мың бос жұмыс орны, кәсіби мамандар үшін 4,3 мың бос жұмыс орны, әкімшілендіру саласындағы қызметшілер үшін 3,2 мың бос жұмыс орны жарияланды.

ЭЕБ-да жарияланған бос жұмыс орындары мен түйіндемелердің жалпы саны 2020 жылдың үшінші тоқсанында 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда тиісінше 12,2% және 20,2% өсіп, 176 мың бос жұмыс орны мен 123,1 мың түйіндемені құрады. Карантиннің енгізілуіне байланысты шілде айында сұраныс пен ұсыныс төмендеді, бірақ карантиндік шаралар кезең-кезеңімен әлсірегеннен кейін тамыз айында бос орындар мен түйіндемелер санының өсу үрдісі байқалды. 2020 жылдың 9 айында барлығы 56,2 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде ШОБ субъектілері (24,3 мың), «Еңбек» бағдарламасымен (17,7 мың), «Жұмыспен қамтудың жол картасы» (9,2 мың).

Добавить комментарий